
Бүгін Түркістан облысына іссапары аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.Әзілханов және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин оңтүстік аймақтарының бірқатар аудандардың өкілдерімен кездесу өткізді.
Түркістан облысы халқының құрамы саналуандығымен ерекшеленеді, өңірде 50-ден астам этностар мен этностық топтардың өкілдері тұрады.
Облыста 11 этномәдени бірлестік бар, аудандар мен қалаларда 7 филиал және 14 өкілдік жұмыс істейді.
Қазығұрт ауылында Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш, Төлеби, Келес, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының, Арыс қаласының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері және мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өтті.
М.Әзілханов Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Ассамблея жұмысында үлкен өзгерістер болған жылмен тұспа-тұс келгенін атап өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның құрметті Төрағасы болып, оны басқару құқығын ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевқа тапсырды. М.Әзілханов Мемлекет басшысы Қазақстанның көпэтносты халқын болашағы біртұтас ұлтқа біріктіру – этносаралық қатынастар саласындағы басты міндет екеніне айрықша назар аударды.
Өз кезегінде, Ғалым Шойкин мемлекеттік органдардың этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы жұмысын жетілдіру мәселелеріне, аталған жағдайға сапалы талдау және мониторинг жүргізу қажеттігіне, халықпен ауқымды ақпараттық және ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыруға назар аударды.
Жалпы, кездесуде этносаралық тұрақтылықты нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін одан әрі арттыру, түрлі этностар өкілдерінің арасында қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайту, этносаралық өзара іс-қимылдың кең коммуникациялық алаңдарын қалыптастыру бойынша нысаналы бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.
Кездесуде жастарды интеграция рухында тәрбиелеу, мемлекеттік тілді меңгеру, басқа мәдениеттер мен дәстүрлер өкілдерімен өзара іс-қимыл жасауға бейілділік таныту қажеттілігі атап өтілді.
Марат Әзілханов Ассамблеяның барлық құрылымдары, аналар кеңесі, қоғамдық келісім кеңестері, жастар ұйымдары этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Қатысушылардың пікірі бойынша мұндай кездесулердің жиі ұйымдастрылуы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға септігін тигізеді.