
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 17 маусымдағы № 171 және «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 17 маусымдағы № 172 бұйрықтарды қолданысқа енгізу туралы хабарлайды.
Бұйрықтар 2019 жылғы 18 маусымда «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі» сайтында электрондық түрде жарияланды және орналастырылды: «Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» - http://zan.gov.kz/client/#!/doc/132476/rus, «Ұлттық оператор тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін бекіту туралы» - http://zan.gov.kz/client/#!/doc/132474/rus.