Жастар жылының аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Жастар жылының аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

21 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар ісі және отбасы істері жөніндегі комитеті мен Әлеуметтік өзара әрекеттесу және байланыс орталығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Жастар жылы аясында өзара іс-қимылды кеңейту болып табылады.

Құжатқа Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасы Мадияр Қожахмет және Әлеуметтік өзара әрекеттесу және байланыс орталығының бас директоры Елдос Өмірзақов қол қойды.

Комитет төрағасы Мадияр Қожахмет өз сөзінде жастарды қолдауға арналған бес негізгі бағыт туралы айтты. Олар: қолжетімді баспана, білім беру, еріктілік, кәсіпкерлікті дамыту және азаматтық бастамалар. Меморандум мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыруға бағытталғанын атап өтті.

Меморандум «Жастар жылына арналған Жол картасын» іске асыру барысында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының жастар арасында ынтымақтастықты кеңейту және тартуды көздейді.

Е. Өмірзақов «Самұрық-Қазына» Қорында жастар жылының барысы туралы ақпарат берді, онда «Жас Самұрық» жобасы жүзеге асырылуда, оған барлық портфельдік компаниялардың және олардың еншілес компанияларының 90 мыңнан астам жастары жиналды.

Айта кетсек, «Жас Самұрық» белгісімен талантты жастарды қолдауға бағытталған «Цифрлық жаз», «Жас Өркен» тәлімгерлік бағдарламасы, өндірістік форумдар мен конкурстар, экологиялық, қайырымдылық және еріктілер акциялары, зияткерлік ойындар, спартакиада және басқа да маңызды оқиғалар сынды дамуға және шығармашылыққа бағытталған бастамалар циклі  жүзеге асырылуда.