«Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігі туралы

«Ашық диалог» порталында сауалнама өткізетіндігі туралы

Құрметті қолданушылар!

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Мемлекеттік органдардағы ақпараттық стенділердің қолжетімділігі» тақырыбында сауалнама өткізетінін хабарлайды.

Қазіргі уақытта «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік органдар өз қызметі туралы ақпараттық  стенділердің тәулік бойы қамтамасыз етілуін және стендтердің мүмкіндігі шектеулі жандарға қол жетімді болуына жағдай жасаулары қажет.

Сауалнама Заңның көрсетілген нормасын жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Сіздерді https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1040  сілтемесі арқылы аталған сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

 Сауалнама 2019 жылғы 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады:  8 (7172) 740846 (Ерхан Таткен).