NEET санатындағы жастарды анықтау және есептеу бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында 16 қыркүйекте Нұр-сұлтан қаласында бірінші фасилитациялық сессия өтті. Фасилитациялық сессиялардың жұмысы
23 қыркүйекте жалғасады және 29 қыркүйекте аяқталады.
Іс-шараға Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы
Ш.А. Байманов, сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің жобаны басқару тобының, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, жастарды дамыту саласындағы сарапшылар мен жастар ресурстық орталықтары қатысты.
Сессия барысында әрбір қала мен аудан бойынша NEET өңірлік деректер базасын құру мәселелері, сондай-ақ жастардың осы санатын есептеу әдіснамасы талқыланды.
Фасилитациялық сессияның нәтижелері бойынша NEET санатындағы жастар тобын, сондай-ақ осал топтарға жататын жастардың негізгі қажеттіліктерін анықтау тәсілдері бойынша ұсыныстар дайындалатын болады.
Сондай-ақ NEET санатындағы жастармен жұмыс істеуге бағытталған әдістемелік құралдарды дайындау үшін NEET санатындағы жастарды анықтау, есепке алу және есептеу әдіснамасы жобасына ұсынымдар әзірленетін болады. Ұсыныстар жиналады, жіктеледі және ұсынымдар форматына келтірілетін болады.
Жоба Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және Дүниежүзілік Банктің жобаны басқару тобымен серіктестікте іске асырылады.