
2021 жылғы 8-10 қыркүйек аралығында Алматыда Жастар ресурстық орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша оқыту семинарлары басталды.
Семинардың бірінші күні Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны іске асыру мәселелерін талқылауға арналды.
Өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қатысушылары мен басшылары Мемлекет басшысының жастарды қолдау жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды.
Жастар білім, ғылым, цифрлық технологиялар, креативті индустрия және рухани-адамгершілік тәрбие сияқты маңызды әлеуметтік салаларда, сондай-ақ Жолдауды іске асыруда жас белсенділердің қатысу мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Алдағы екі күн ішінде Мемлекет басшысы алға қойған жаңа міндеттерді ескеретіндей мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын талқылау жоспарлануда.
Бірінші кезекте, жастар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін өлшеудің маңызды құралына айналатын Жастардың дамыту индексі қаралады. Сондай-ақ, «Жастар» ҒЗО сарапшылары әзірлейтін NEET санатындағы жастарды анықтау мен есептеудің жаңа әдіснамасын зерделеу талқыланады.
ЖРО жұмысының сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар-тренинг Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының алаңында өтуде.
Семинарлардың ұйымдастырушысы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.
Айта кетейік, барлық семинарлар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, «Ashyq» жүйесін пайдалана отырып өткізілуде.