«Байтерек» монументінде жастарға неке куәліктері табысталды

«Байтерек» монументінде жастарға неке куәліктері табысталды

Бүгін, 8 қыркүйекте, Қазақстандағы Отбасы күні қарсаңында                          ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асқар Умаров «Байтерек» монументінде Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық әкімдігі ұйымдастырған неке қию туралы куәліктерді ұсыну рәсіміне қатысты.

Қазақстан астанасының белгілі нышан-символы саналатын Бәйтерек монументінде жеті жас жұптарға салтанатты түрде неке қию туралы куәліктері ұсынылды. Отбасы құрған жастар Нұр-Сұлтан қаласының мұғалімдері, кәсіпкерлері және студенттері болып табылады.

Вице-министр Асқар Умаров статистика бойынша Қазақстанда некенің ең көп саны күзгі кезеңде тіркелгендігін атап өтті.

Айта кетейік, қазақстандықтар еліміздегі отбасы мейрамының қыркүйек айының осы күндерінде өткізілетіндігін біле тұра, некелерін бұл кезеңде заңдастыруға тырысады.

Вице-министр отбасы құрған жастарға арналған сөзінде, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғам мен еліміздің негізі деп атап өтті. Біздің халық үшін, отбасы – өмірдің негізі, тұлғаның тәрбиеленуі мен қалыптасуының қайнар көзі екендігін атап өтті.

«Біздің еліміз отбасы құндылықтарын қолдау саясатын ұстанады. Мемлекет Басшысы Қ.К. Тоқаев биылғы Жолдауында дарынды балаларды қолдауға, оқушыларды ерте кәсіби бағдарлауға ерекше назар аударды. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қоғамдағы әйелдердің экономикалық және саяси ұстанымын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Әлеуметтік реформаларды ескере отырып, отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы жаңартылатын болады.» - деді А.Умаров.

2013 жылы Қазақстандағы Отбасы күні мереке болып бекітілген және оның аталып өтетін күні – қыркүйектің әрбір екінші жексенбісі болып анықталғандығын еске саламыз.

Осы 2021 жылы Қазақстанда Отбасы күні 12 қыркүйекке түседі.