Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары Президент Жолдауын іске асыруға белсенді қатысуға дайын

Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары Президент Жолдауын іске асыруға белсенді қатысуға дайын

Бүгін Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысының Жолдауын талқылау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары,  ҚХА мүшелері,  республикалық жастар қозғалысының өкілдерінің қатысуымен онлайн-дөңгелек үстел өткізді.

Отырыс барысында Президент жолдауы – біздің қоғамның ең өткір және шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардың ойластырылған және шынайы кешені екендігі, сондай-ақ Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу оларды іске асыруға байланысты екендігі атап өтілді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты В. Набиев өз сөзінде ҚХА-ның жастарын Мемлекет басшысының Жолдауын насихаттауға және іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар диалог пен азаматтық қатысу дәстүрлерінің, біздің ішкі ынтымағымыз бен қоғам бірлігінің негізінде жатқан прогрессивті құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету және іске асыру аясында ҚХА алдында тұрған өзекті міндеттер, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту мәселелері қаралды.