
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Мемлекеттік мереке қарсаңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның атынан Министрліктің бірқатар қызметкерлері Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Олардың қатарында: Заң департаменті басқармасының басшысы - Бостанова Назым Кенжегуловна, Мемлекеттік активтермен және сатып алулармен жұмыс департаменті басқармасының басшысы - Тулеева Шолпан Турлыбековна, Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің басқарма басшысы - Досмұратова Ұлжан Әшімқызы және Министрліктің әдіскері - Усенова Айсулу Кульжиновна.
Шара барысында Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихындағы Негізгі заңның маңызы, сондай-ақ Конституцияның елдегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтаудағы өзекті рөлі атап өтілді.
Өз кезегінде, Министрлік қызметкерлері Қазақстан Республикасының негізгі құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатыны жазылған Конституцияны өз жұмыстарында басшылыққа алу өте маңызды екенін айтты.