ҚХА өкілдері ел бірлігіндегі Конституцияның рөлін талқылады

ҚХА өкілдері ел бірлігіндегі Конституцияның рөлін талқылады

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының мұрындық болуымен «Конституция - Қазақстан халқының бірлігі мен рухани келісімінің негізі» атты республикалық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, жастар көшбасшылары қатысты.
Олар қоғамдық келісім мен бірліктің қазақстандық моделін дамытудағы Конституцияның тарихи рөлін талқылады.
Сонымен қатар, қатысушылар Негізгі заңда жарияланған, табысты дамудың, қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтаудың кепілі болып табылатын негізгі нормаларды сақтауға шақырды.
Олар Қазақстанды құқықтық және зайырлы мемлекет ретінде орнықтырған Қолданыстағы Конституцияны құру мен қабылдаудағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өтті.