
Қазақстанның барлық өңірлерінде "Kieli tabigat" республикалық жобасы шеңберінде жастардың 17 ғылыми-ағартушылық эко-қозғалыстары құрылды.
Атап айтқанда, 1000-нан астам жастар эко-волонтер ретінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі экологиялық акциялар ұйымдастыруда.
Барлық іс-шаралар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өтуде.
Жас қазақстандықтар эко-волонтёрлік және экологиялық саналы өмір салтын жүргізу бойынша онлайн-оқыту курстарынан өтті. Оларды оқыту үшін Қазақстанның экологиялық қозғалыстарының көшбасшылары шақырылып, олар эко-волонтёрлік, қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау, эко-софия негіздері, су ресурстарын үнемдеу технологиялары және үйді экологияландыру тақырыптары бойынша семинарлар өткізілді.
Бұдан басқа, экологиялық мәдениет бойынша "ЭкоLife Challenge" республикалық онлайн-конкурсы өтіп, "Гринэйка оқиғалары" ертегілер сериясын жазу бойынша жұмыс жүргізілуде, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтардан жасалған инсталляциялар бойынша "From waste to art" конкурсын, "World Cleanup day" Дүниежүзілік экологиялық акциясын және т.б. шараларды өткізу жоспарланып отыр.