Жастар ресурстық орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды

Жастар ресурстық орталықтарын дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін, 25 тамызда, онлайн форматта Жастар және отбасы істері комитеті, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы және жастар қызметкерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өңірлік ЖРО басшыларының қатысуымен Жастар ресурстық орталықтарын дамыту мәселелері жөніндегі стратегиялық сессия өтті.
Сессия барысында жастар қызметкерлерінің қоғамдастығы «Жастар ресурстық орталықтарының қызметін жетілдіруге бағытталған шаралар кешенін қабылдау» жобасын таныстырды, оның мақсаты туған өңірде жастардың өзін-өзі танытуы және әлеуетін ашу үшін мүмкіндіктер жасау болып табылады.
Жобаның міндеттері Жастар бастамаларын ұйымдастырушылық және әдістемелік сүйемелдеу, жастардың өңір аумағында өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы хабардар болу деңгейін арттыру, жастарды өңірдің қоғамдық өміріне тарту, Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің бірыңғай құзыреттілік моделін құру болып табылады.
Бұдан басқа, жоба шеңберінде ЖРО жұмысының басым бағыттарына, жастардың мүдделері мен қажеттіліктеріне негізделген ЖРО қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасын әзірлеу және енгізу, жастар ресурстық орталықтарының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын дайындау көзделген.
Өңірлік ЖРО басшылары жастар ресурстық орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша идеялармен алмасып, ұсыныстар енгізді.
Жобаны Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты шеңберінде Жастар қызметкерлері қауымдастығы іске асырады.