Жас қазақстандықтарды Интернеттегі қауіпсіздік ережелеріне оқытты

Жас қазақстандықтарды Интернеттегі қауіпсіздік ережелеріне оқытты

17 аймақтан 1 мыңнан астам жас қазақстандықтар интернет-тәуелділікті, кибербуллингті және құмар ойындарға тәуелділікті алдын алу бойынша онлайн-оқытудан өтті.
Қатысушылар интернетте өздерінің жеке деректерін қорғау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгерді және әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде ықтимал қауіптер туралы, әсіресе онлайн құмар ойындарының зияны туралы ақпарат алды.
Курстың барлық қатысушыларына тұлғаның дамуына бағытталған ғылыми-ағартушылық және танымдық интернет-алаңдардың арнайы кейстері ұсынылды.
Бұдан басқа, жоба шеңберінде психология, әлеуметтану, құқықтану саласындағы сарапшылар қазақстандық және халықаралық заңнамаға талдау жүргізеді, оның қорытындысы бойынша интернет-тәуелділікті, кибербуллингті және құмар ойындарға тәуелділікті алдын алуға бағытталған қазақстандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.
Онлайн-курстар Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің кәсіби спикерлерінің қатысуымен «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігімен жастар мен балалар арасында интернет-тәуелділік пен құмар ойындарды алдын алудың шаралар кешенін іске асыру бойынша ҚР АҚДМ гранттық жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.