Оралда «NEET жастарды әлеуметтендіру: білім беру және еңбек» тақырыбында кездесу өтті

Оралда «NEET жастарды әлеуметтендіру: білім беру және еңбек» тақырыбында кездесу өтті

2021 жылғы 20 тамызда NEET санатындағы жастар арасында қарым-қатынасты ынталандыру және идеяларды тарату мақсатында «NEET жастарды әлеуметтендіру: білім беру және еңбек» тақырыбында TEDx кездесуі өтті.

Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында ашық аспан астында өтті.

Іс - шара спикерлері – «Назар Аудар» театрының актері - Самат Қабдиев, бизнесмен - Азат Рашидов, Болашақ» бағдарламасының түлегі - Жансұлтан Нұрмұханов, фотограф, блогер - Динара Аянова және Miko танымал әншісі жастарға өздерінің өмірлік тәжірибелері мен кәсіби жетістіктері туралы айтып, жаңа идеялар ұсынды.

Кездесу Батыс Қазақстан облысындағы «Болашақ» Корпоративтік қорымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында өткізілді.