
«Жергілікті бірлестіктерді тұрақты дамыту» қоғамдық қоры Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мұрындық болуымен «Гендердік мұқтаждық пен қажеттіліктер картасы: этностық сипаттың, аймақ пен дәреженің ықпалы» атты әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты – дәрежелік, этникалық және жас бойынша факторларды есепке ала отырып, әйелдердің гендерлік мұқтаждығын зерттеу.
Аталмыш жоба Қазақстандағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстарды әзірлеуге, отбасы институтын қолдау, гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін жеке, корпоративтік, квазимемлекеттік секторды белсенді тартуға, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне атсалысатын әйелдердің үлесін арттыру үшін ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді.
Жобаның болжамды нәтижелері: өңірлер, қалалар мен аудандарда қажеттіліктерді бірлесіп бағалау әдістерін (ББӘ) пайдалана отырып, жұмыспен қамту, негізгі әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік, мемлекеттік қолдаудың түрлі шараларына қол жеткізу бойынша екі тілде сарапшылармен жасалған гендерлік мұқтаждық пен қажеттіліктерді зерттеудің әдістемесі, талдамалық материал әзірлеу, гендерлік мұқтаждық пен қажеттіліктердің интерактивті картасын әзірлеу, халықты хабардар ету.
Жоба шеңберінде 17 мың әйелді қамтып, 20 сарапшыдан сұхбат алу көзделген, және аймақтар бойынша 17 үйлестіруші жұмыс істейді.
Жобаның серіктестері: «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ, «Қазақстанның дағдарыстық орталықтары одағы» ЗТБ мен «Қоғамдық жоба» мекемесі.