
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ағымдағы жылғы 16-19 тамыз аралығында АҚШ-тың «LYN Community» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы қазақстандық қоғамда қастерлі плюрализмді дамыту» атты семинар өтті.
Семинар жұмысына мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктердің өкілдері қатысты, сондай-ақ онлайн форматта АҚШ-тың дін саласындағы сарапшылары қосылды.
Семинарда мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар және әртүрлі конфессиялық топтар арасындағы қатынастарды реттеу, сондай-ақ оларды әлеуметтік қауымдастықтарды қалыптастыру жөніндегі жұмысқа тарту мәселелері талқыланды.