
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Халықтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі іске асыру жөніндегі ұсыныстары туралы» тақырыбында сауалнама өткізетінін хабарлайды.
Сауалнама «Рухани жаңғыру» бағдарламасына, оның негізгі бағыттары мен арнайы жобаларына, сондай-ақ Бағдарламаның танымалдығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=2469 сілтемесі арқылы аталған сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Сауалнама 2021 жылғы 11 тамыз – 11 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда төменде көрсетілген телефонға хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 74-21-68 (Қарабалаев Қайрат).