
2021 жылғы 29-30 шілдеде Ыстамбұлда әлеуметтік желілермен жұмыс бойынша Түркі Кеңесінің екі күндік тренингі аяқталды.
Тренингке ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты қызметкерлері мен Қазақстанның жетекші мемлекеттік БАҚ қызметкерлері қатысты.
Оқу бағдарламасын ұйымдастырушы - Түркия Президенті Әкімшілігінің коммуникация басқармасы.
Тренинг спикерлері Түркия медиа саласының танымал мамандары, жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары болды.
Қазақстандық тараптың қатысу мақсаты - түрік мемлекеттік органдары мен БАҚ-тың әлеуметтік желілердегі жұмыс тәжірибесін, жергілікті заңнаманың ерекшеліктерін және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибені зерделеу.