ҚР АҚДМ Түркі кеңесінің БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысуда

ҚР АҚДМ Түркі кеңесінің БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысына қатысуда

Бүгін Ыстамбұлда Түркі кеңесі БАҚ жөніндегі үйлестіру комитетінің отырысы және Әлеуметтік желілерде жұмыс істеу бойынша Оқыту бағдарламасының бірінші күні өтті.
Аталған шараның 29-30 шілде аралығындағы
бағдарламасына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның мемлекеттік БАҚ өкілдері қатысып отыр.
Сондай-ақ іс-шараларға Түркі кеңесінің мүшелері болып табылатын Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстанның тиісті институттары мен ұйымдарының өкілдері және Венгрияның (бақылаушы-мемлекет) өкілдері қатысуда.
Шараның басында қатысушылар алдында Түркия Президенті Әкімшілігінің байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун сөз сөйледі.
Тренинг бағдарламасы әлеуметтік желілерде тәжірибе алмасуға, дезинформацияға қарсы күресте үздік тәжірибелерді талқылауға бағытталған.