Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді

2021 жылғы 15 шілдеде сағат 11:30-да Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Отырыста Ашық үкімет порталдарын және Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын дамыту және мемлекеттік аппараттың қағазбастылығын төмендету бойынша жол картасын мемлекеттік органдармен іске асыру барысын талқылау жоспарлануда.

Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/aqparatqogam ресми парақшасында өтеді.