
2021 жылғы 14 шілде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасындағы сайлауды байқау негіздерін түсіндіруге арналған семинар өтеді.
Аталған семинар ҚР ОСК мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтеді. Коронавирустық инфекцияның таралуына және карантиндік шектеулерге байланысты семинар қашықтықтан өткізіледі.
Қатысушылардың тіркеуі treningsaylau@gmail.com электронды мекенжайы бойынша жүргізіледі.
Тіркелу үшін қатысушының тегін, аты-жөнін, ұйымның атауын, байланыс деректерін көрсету керек.