Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі орталық мемлекеттік органдардың 50 өкілі үшін кезекті оқыту семинарын өткізді.
Онлайн семинар 2021 жылғы 8 шілдеде Мемлекеттік қызмет істері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктерінің, Бас прокуратураның, мәдениет және спорт, сауда және интеграция, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің қызметкерлері үшін өтті.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобаларды іске асыру жоба әкімшілері мен азаматтық сектор арасында үнемі талқыланатын бағыттардың бірі болып табылады.
Осыған байланысты, семинар тақырыбы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру тәртібі мен рәсімдерін, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобаларына мониторинг жүргізу мен бағалауды түсіндіруге бағытталды.
Министрліктің деректері бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тетіктерінің бірі болып табылады және 16 жылдан астам іске асырылуда. Жыл сайын оны іске асыруға түрлі деңгейдегі 300-ден астам мемлекеттік органдар және 1000-нан астам ҮЕҰ қатысады және 2000-нан астам әлеуметтік жобаларды іске асыруға 20 млрд.теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Соңғы 5 жылда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 2 есе өсті, бұл ҮЕҰ-мен жобалық ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай әсер етті.
Оң өзгерістермен қатар, жобалық ынтымақтастық барысында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандарттарын сақтамау, ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша конкурстарға қатысуы үшін ҮЕҰ-ды шектеу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық қағидатын кеңейту бөлігінде проблемалық мәселелер туындайды.
Семинар барысында қатысушылар ұйымдастырушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, түйткілді мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін аталмыш семинарлар 17 өңірлік әкімдік үшін өткізілген болатын.
Дәстүр бойынша семинардың серіктестері: «ЗУБР» Консалтинг-орталығы және «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ болып табылады.