ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға қазақ тіліндегі өтініштердің үлесі артты

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға қазақ тіліндегі өтініштердің үлесі артты

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында а.ж. 4 маусымында жарияланған ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Алдын ала қорытынды бойынша, АБҚО-на 67 үкіметтік емес ұйымнан 111 өтінім келіп түсті.

Атап айтқанда, мемлекеттік тілде - 33, орыс тілінде - 78 өтінім берілді.

ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарды беру конкурсына қатысуға 89 өтінім конкурстың соңғы күні берілді.

"Орталық жұмысының үлкен жетістігі - қазақтілді өтінімдердің айтарлықтай өсуі. Егер ақпан айында өтінімдердің тек 16 %-ы қазақтілді ҮЕҰ-дан болса, қазір - әрбір үштен бірі мемлекеттік тілде. Демек, біз дұрыс бағытты таңдадық», - деді АБҚО Басқарма төрайымы Лима Диас.

Қазіргі уақытта Орталық өтінімдерді гранттар беру және олардың іске асырылуына бақылау қағидаларында және бекітілген гранттар жоспарына көзделген талаптарға сәйкестігін қарастырып жатыр.