ҚР АҚДМ қызметкерлері мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтановпен кездесті

ҚР АҚДМ қызметкерлері мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтановпен кездесті

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қызметкерлерінің мемлекет қайраткері Қуаныш Сұлтановпен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушылар Қуаныш Сұлтановтың еңбек және өмірлік тәжірибесімен жақынырақ танысуға, мемлекеттік басқару мәселелеріне қатысты пікір алмасуға, түрлі қызықтырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Кездесу Министрлік басшылығының бастамасымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды және алдағы уақытта көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен осындай іс-шаралар өткізілетін болады.

Қуаныш Сұлтанұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасының бірінші баспасөз және бұқаралық ақпарат министрі, Премьер-Министрдің орынбасары, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі, Сенат пен Мәжіліс депутаты болды, "Парасат", II дәрежелі "Барыс" ордендерімен марапатталды.