Жастарға арналған «Жастар Отанға» инновациялық фестивалі өтеді
ҚР-ның Дін істері мен азаматтық қоғам министрлігі «Болашақ» Қауымдастығымен бірлесіп «Жастар Отанға» инновациялық идеяларының республикалық фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Оның мақсаты – жастардың азаматтық бастамаларын жандандыру, жаңа қазақстандық патриоттықты қалыптастыру, сонымен қатар жастардың қоғамда белсенділік танытуы үшін қолдау көрсету болып табылады. Фестивальге 18 бен 29 жас аралығындағы еліміздің барлық жастары қатыса алады. Байқауға қатысу үшін өтініштер 13-ші қазанға дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері 27-ші қазан күні белгілі болады. Фестиваль екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде байқау комиссиясының мүшелері 500-ден астам ең қызықты идеяларды іріктеп алады, ал олардың авторлары Астана қаласында оқыту семинарлар мен тренингтерге қатысады. Ал, екінші кезеңнен өткен 30 жас өрен қазылар алқасының алдында өздерінің жобаларын таныстырады. Финалдың қорытындылары бойынша жеңімпаздарға естелік кәдесыйлар, сертификаттар мен алғыс хаттар табысталады. Байқауға қатысу үшін арнайы ережемен танысып, 13-ші қазанға дейін онлайн өтінімді толтыру қажет. Қосымша ақпаратты +7 7172 707 669 телефоны және www.bolashak.kz сайты арқылы білуге болады. «Жастар Отанға» инновациялық идеялардың республикалық фестивалі Елбасының мемлекеттік бағдарламаларын, соның ішінде «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мен дамыту мақсатында өткізіледі.