
25-27 қыркүйек аралығында Өскемен қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XIII еңбек маусымының республикалық жабылу салтанаты өткізілді.
Қатысушыларға Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи-ландшафты музей-қорығында және «Жастар» саябағында экскурсия жүргізілді. Қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, қоғам және мәдениет қайраткерлерімен танысу мақсатында «Қазақстан: Қалыптасу. Даму. Жаңғыру.» атты қызықты интеллектуалды квест ойындарын ұйымдастырылды. Қатысушылардың бір-бірімен бейресми танысуы мақсатында «Magic evening» танысу кеші өтті. Сонымен қатар, «Жасыл ел» ЖЕЖ жобалардың жүзеге асырылуы, аймақтық аспектілер, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қызметін қалыптастырудағы тиімді PR-коммуникацияларды құру» шеберлік сыныптар және «Жасыл технологиялардың Қазақстанда дамуы», «БАҚ және әлеуметтік желідегі келеңсіздік мәлімдемелерді теңестіру әдістері» тақырыптарындағы диалогтік алаңдар өткізілді. «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының өңірлік деңгейдегі мәселелері бойынша семинар-кеңесі өтті. Сонымен қатар, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының өңірлік филиалдарының делегаттарына командалық көңіл-күйді, бірігіп қызмет ету жүйесін қалыптастыру үшін «GREEN CITY» тимбилдингі өткізілді.
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының «ZHASYL EL AWARDS» салтанатты жабылуына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар департаментінің директоры Оспанқұлов Ғабидулла, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан жастар конгрессі мен «Жас Отан» ЖҚ өкілдері, Шығыс Қазақстан облысы мен қалалық жастар ресурстарының өкілдері қатысты.
Марапаттау барысында мерекелік концерт пен «Үздік штаб», «Үздік жұмыс беруші», «Үздік сарбаз», «Үздік жасақ», «Үздік жоба» номинациялары бойынша жүлделер тағайындалды.
«Үздік штаб» номинациясы Алматы және Ақтөбе облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының штабтарына берілді. «Үздік жұмыс беруші» номинациясы бойынша Атырау облысының ЖШС «Спецавтобаза» және Оңтүстік Қазақстан обласының ЖШС «Аманкелді» жұмыс берушілері жеңімпаз атанды. «Үздік сарбаз» номинациясында Ақмола облыстық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары штабының сарбазы Егізбай Нұрасыл Нұрлыбекұлы жеңіске жетті. «Үздік жоба» номинациясы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Павлодар облыстық штабына берілді. «Үздік жасақ» номинациясын «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан штабтары иемденді.
Айта кететін болсақ, «Жасыл ел» жобасы жазғы демалыста оқушыларды, студенттік және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмыспен қамту мен еңбекке баулу, патриоттық және экологиялық тәрбиені қалыптастыру барысында Қазақстанның экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында құрылған болатын.