ҚР АҚДМ-де АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті

ҚР АҚДМ-де АҚШ Елшілігінің өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің өкілдерімен кездесті. Екіжақты кездесуге Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Саяси бөлімінің басшысы Стефен Жи, Ақпарат жөніндегі қызметкері Сара Смит, Аймақтық медиа бойынша кеңесшісі Қарлығаш Жаманқұлова, Саяси мәселелер бойынша кеңесшісі Әлия Жантикина қатысты.

Кездесуде БАҚ-ты дамыту саласында ынтымақтастық орнату мәселесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығын атап өтуге арналған «30 жыл бірге» жобасы талқыланды.