Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметкерлері арасында тілдер мерекесіне арналған байқау өтті

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметкерлері арасында тілдер мерекесіне арналған байқау өтті

29 қыркүйек күні Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметкерлері арасында « Мемлекеттік қызметте- мемлекеттік тілмен» атты байқау ұйымдастырылды.

Аталған шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген ұлттық құндылықтарымыз бен озық дәстүрлерімізді, тілімізді, тарихымызды, ұлттық бірегейлігімізді сақтау, ұлттық сананы кемелдендіру мақсатында Қазақстан халқының тілдері мерекесі күніне орай өткізілді.

Байқаудың мақсаты- қазақстандық патриотизмге тәрбилеу, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау болып табылады.

Байқауға Министрліктің ведомствалары және құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 1 кезеңде қатысушылар- өздерін мемлекеттік тілде таныстырып, әзірлеген бейнероликтерін көрсетті. Екінші кезеңде патриоттық әндер жарысынан сынға түсті. Ал, үшінші кезеңде қатысушылар ұлттық дәстүрлерімізді дәріптейтін көріністер қойып, төртінші кезеңде орыс тіліндегі ресми сөздерді мемлекеттік тілге аударды.

Қазылар алқасына Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы- Марат Әзілханов төрағалық етті. Ал, қазылар алқасының құрамына ақын - Әбіл Қонысбай Іскендірұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы- Гүлмира Құбашева мүше болды.

Сайыс қорытындысы бойынша Дін істері комитетінің «Рухани келісім» командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынға Экономика және қаржы, Заң департаментінің «Z» командасы, үшінші орынға Азаматтық қоғам комитетінің «Қоғам жанашырлары» командасы ие болды.

Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар табысталды.