
Иса Мəсіхтің соңғы қасиетті күндері(мормондар) шіркеуі Қазақстан үкіметімен отбасылық құндылықтарды және конфессияаралық келісімді нығайтуда ынтымақтасуға ниетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың Иса Мәсіхтің соңғы қасиетті күндері шіркеуінің «Он екі елшілері Кворумының» президенті Рассел Нельсонмен кездесуі барысында мәлім болды.

Кездесу барысында конфессияаралық және дінаралық диалогты нығайту мәселелері, сондай-ақ мұқтаж адамдарға қайырымдылық және гуманитарлық көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Министр Нұрлан Ермекбаев Шіркеумен және Қазақстандағы барлық басқа діни бірлестіктерімен әріптестік қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Мормондар шіркеуі адамдардың діни, этникалық және ұлттық нәсіліне қарамастан көмек көрсетіп, әлем бойынша гуманитарлық бағдарламаларын белсенді түрде жүзеге асыруда.
Шіркеу табиғи апаттық және төтенше жағдайларда көмек көрсетеді, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету жолында жұмыс істейді және адамдардың көру қабілетін жақсарту және жаңа туған нәрестелерді реанимациялау саласында оқыту бағдарламаларын ұсынады. Мормондар әлемнің 35 елінде қызылшаға қарсы иммундау жүйесінің халықаралық бағдарламасына қолдау көрсеткен.
Мормондар шіркеуінің жүзеге асырып отырған қайырымдылық бастамаларының бірі – мүмкіндігі шектеулі жандарға (мүгедектерге) қол ұшын созу болып табылады. Осы бағытта бүгін Шіркеу басшысы Рассел Нельсон Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандарға 250 қоларбаны тегін ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.
Министр арбаға арналған қазақстандық мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалатын гуманитарлық көмек туралы шешім үшін алғысын білдірді. «Сіздің шіркеуіңіз жасап отырған қайырымдылық бағытындағы істер біздің елмен сенімді қарым-қатынасты дамытуға серпін болары анық»- деп атап өтті ведомство басшысы.
Кездесу барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Мормондар міркеуі мен «Уақып» Қайырымдылық Қоры арасында ынтымақтастық орнату туралы ұсыныс жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Мормондар шіркеуі 1830 жылы АҚШ-та құрылған. Штаб-пәтері - Юта штатындағы Солт-Лейк-Сити қаласында орналасқан. Қазақстанда мормондардың 35 миссионері және Астана және Алматы қаласында екі шіркеуі бар. Мармондарға ішімдік, кофе, шай ішуге тыйым салынған.
Рассел Нельсон – медицина ғылымдарының докторы, алғаш рет педиатриялық кардиологияда төрт жасар қыз балаға жүрек талмасы операциясын сәтті орындаған.