«Туған жер-алтын бесік» Халықаралық балалар құрылтайының оныншы ауысымының ашылу салтанатты өтті

«Туған жер-алтын бесік» Халықаралық балалар құрылтайының оныншы ауысымының ашылу салтанатты өтті

2019 жылы 1 тамызда Ақмола облысы Щучье көлінде «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Туған жер - алтын бесік» атты Халықаралық балалар құрылтайы өтті.

Ауысымның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.А. Әзілханов, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.К. Тұрысбеков, «Отандастар қоры» КеАҚ вице-президенті М.К. Сарбасов, Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің кеңесшісі К.Г. Тиллябаев қатысты.

Аталған іс-шараны Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, «Отандастар қоры» КеАҚ және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

Құрылтай 2019 жылғы 28 шілде мен 11 тамыз аралығында алыс және жақын шетелдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары үшін өткізілуде. Ағымдағы жылы «Балдәурен» жазғы лагерінде демалуға Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Германия және Иран елдерінен 300-ге жуық бала тартылды.

Балалар үшін патриоттық сипаттағы білім беру, мәдени-танымдық, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Олардың қатарында: «Box of creativity» шығармашылық конкурстары, «Жастар One Team» танысу кеші, «Бизнес сити», «Интернационалды Балдәурен» интеллектуалды ойындары, «Достық керуені» карнавалы, «Baldauren memories!» және басқалар.

Осы жазғы лагерьді өткізу «Отандастар қоры» КеАҚ-ның шетелдік қазақ диаспорасымен ынтымақтастығының және оның өкілдерін Қазақстанның мәдени, білім беру және спорт өміріне тартуының танымал бағыттарының бірі болып табылады.