
Құрметті қолданушылар!
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Ашық диалог» порталында «Кәсіби стандарттарды әзірлеу. Түйін бағыттары» тақырыбында сауалнама және интернет-конференция өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыретке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт.
Сауалнама және интернет-конференция кәсіби стандарттарды әзірлеудің қажеттілігіне қатысты және оның түйін бағыттарын анықтау үшін ұсыныстар мен пікірлерді жинақтау мақсатында өткізіледі. Нәтижелері БАҚ саласындағы кәсіби стандарттарды әзірлеу кезінде ескерілетін болады.
Сіздерді https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=1061 сілтемесі бойынша аталған сауалнамаға және https://dialog.egov.kz/conference/819 сілтемесі бойынша интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.
Интернет-конференция 2019 жылғы 1 тамыз сағат 17:00-ге дейін өтеді.
Сауалнама 2019 жылғы 31 тамызға дейін жүргізіледі.
Сіздің пікіріңіз біз үшін өте маңызды.
Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефон нөміріне хабарласып, қажетті ақпарат алуға болады: 8 (7172) 740918 (Мади Уаисов, Акмарал Жамалатова).