
2021 жылғы 28 маусымда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай жас журналистер үшін қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізді.
Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин, журналист, ҚР Журналистика академиясының академигі Александр Тараков, «Медиа дамыту қоры» КҚ бас директоры Евгений Кочетов, журналист, блогер Жанасыл Болатбек секілді танымал журналистер, Қазақстанның медиа саласының сарапшылары қатысты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары Қаныбек Жұмашев құттықтау сөз сөйледі.
Қаныбек Жұмашев журналистер қызметінің қоғамдағы маңызды рөлі мен жоғары жауапкершілігін атап өтті, сондай-ақ Министрліктің БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында өткізген іс-шаралары және олардың маңыздылығы туралы айтты.
Сонымен қатар, іс-шара барысында белгілі журналист Александр Тараков шеберлік сабақтарыныің қатысушыларына қолтаңбасы қойылған кітаптарын таратты.
Шеберлік сабақтарының қатысушылары телевизияны дамыту мәселелеріне, әлеуметтік желілердің рөліне, контентті жасау ерекшеліктеріне, спикерлердің ұтымды лайфхактарына және басқа да мәселелерге қызығушылық танытқандығын атап өткен жөн.