А. Балаева ұжымды Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады

А. Балаева ұжымды Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысып, басқарып отырған ведомствоның ұжымын құттықтады.
Іс-шара аясында мемлекеттік қызметке алғаш кірген 4 мемлекеттік қызметші ант қабылдады.
Министр А. Балаева «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төраға орынбасары – Еркін Үйсінбаевты, Министрліктің Құрмет грамотасымен Жастар және отбасы істері комитетінің бас сарапшысы – Айгүл Мүсірепова, Заң департаментінің бас сарапшысы – Диас Зейноллов, Азаматтық қоғам істері комитетінің бас сарапшысы - Қуаныш Ақашев, Экономика және қаржы департаментінің сарапшысы – Кристина Талғатқызы, Дін істері комитетінің басқарма басшысы – Нұрғали Қабыловты марапаттады. Сонымен қатар Ақпарат комитетінің бас сарапшысы - Ақшолпан Марат, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің бас сарапшысы - Әнел Көшкенбаева, Персоналды басқару департаментінің басқарма басшысы – Есжан Сапарханұлының ата-аналарына Министрліктің атынан Алғыс хаттар табыстады.