Нұр-Сұлтанда NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бойынша семинар-тренинг өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бойынша семинар-тренинг өтіп жатыр

15-17 маусым аралығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен жастармен, оның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс істейтін мамандарға арналған семинар-тренинг өткізуде. Семинар шеңберінде осы санаттағы жастарды есептеу және анықтау әдістерін енгізу, сондай-ақ халықаралық және отандық жұмыс тәжірибелерін зерделеу жоспарлануда. Ұлттық статистика бюросының, Жастар корпусын дамыту жобасының үйлестіруші агенттігінің және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сарапшылары спикер болады.

Нәтижелер бойынша осы топтың жастарына ұсынылатын қызметтер жиыны әзірленеді.