NEET санатындағы жастарды анықтаудың әдістемесі мен есебі талқыланды

NEET санатындағы жастарды анықтаудың әдістемесі мен есебі талқыланды

Бүгін NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру жөніндегі Республикалық жобалық кеңсе негізінде орталық мемлекеттік органдардың өкілдерімен кеңес ұйымдастырылды.

Қатысушылар NEET санатындағы жастарды анықтау және тіркеу әдістемесін сынақтан өткізу мәселесін талқылады. Атап айтқанда, осы әлеуметтік топта болудың уақытша сипатын ескере отырып, NEET санатындағы жастарды анықтаудың мүмкін тетіктері ұсынылды. ҚР ІІМ өкілі түзеу мекемелеріндегі жастарға көңіл бөлуді және олардың мәртебесін анықтауды ұсынды.

Пікірталастың тағы бір маңызды бағыты NEET санатындағы жастар дерекқорын қалыптастыру және оларды одан әрі әлеуметтендіру бойынша шаралар қабылдау болды.

«Жастар» ҒЗО директоры Аян Сакошев орталық NEET жастарымен жұмыс істеу бойынша мүдделі мемлекеттік органдарға әдістемелік көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.