Павлодарда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы өткізілді

Павлодарда «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық жобасы өткізілді

Бүгін Павлодар қаласында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жыл сайынғы халықаралық жобасының іс-шаралар кешені өтті.

Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вакиль Набиев, Наталья Дементьева, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, депортацияланған және қуғын-сүргінге ұшыраған отбасылардың ұрпақтары және басқалары қатысты.

Іс-шараға қатысушылар Саяси қуғын-сүргін құрбандары мемориалы мен Жүсіпбек Аймауытов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тарихи-құжаттық көрмені аралады.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: тарих және естелік» ғылыми-практикалық форум барысында спикерлер Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына қатысты тарихи әділеттілікті қалпына келтірудегі рөлін, жалпыұлттық топтастырушы тарихи сананы одан әрі сақтау және тарату және тәжірибені болашақ ұрпаққа беруде азаматтық сектор мен мемлекеттің күш-жігерін біріктіру қажеттілігі және т.б. талқыланды.