
Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылады
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстанның Азаматтық форумының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын, Заң шығару жұмысының 2021-2026 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу жұмыстарын бастады.
Осылайша, Министрлік заң жобасының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын
құруда.
Министрлік азаматтық қоғам саласындағы сарапшыларды, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың басшыларын және мемлекеттік органдардың өкілдерін шақырады.
Жұмыс тобының құрамына кандидатураларды қосу бойынша өз ұсыныстарыңызды (аты-жөні, лауазымы, байланыс деректері: жұмыс телефонының нөмірі, ұялы телефоны, электрондық пошта мекенжайы) келесі электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: qogam.gov@gmail.com
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон арқылы хабарласа аласыз
8 (717)2 74-00-78, 74-11-96.