ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі шеңберінде ҮЕҰ-ның 80 астам ұсынымдарын мемлекеттік органдар қабылдады

ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі шеңберінде ҮЕҰ-ның 80 астам ұсынымдарын мемлекеттік органдар қабылдады

Өңірлік мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылын күшейту қалай жоспарлануда? Мемлекеттік органдар басым міндеттерді іске асыруда ҮЕҰ әлеуетін тиісті түрде тарта ма? ҮЕҰ өңірлерде қандай проблемаларды тұрақты негізде көтереді? Осы және басқа да көптеген мәселелер Ақпарат және қоғамдық даму виц-министрі Б.А. Тлеповтың төрағалығымен өткен ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің онлайн-отырысында талқыланды.

Онлайн-отырысқа ҮЕҰ мемлекеттік органдарының, сарапшылар қауымдастығының 80-нен астам өкілдері қатысты. Бұл ағымдағы жылы алғаш рет орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар мен өңірлік ҮЕҰ өкілдері кіретін кеңес құрамының кеңеюіне байланысты.

Дәстүр бойынша отырыс форматы «Мемлекеттік орган – ҮЕҰ» қағидаты бойынша өтті, онда мемлекеттік органдардың ақпараты ҮЕҰ өкілдерінен қарсы баяндамамен тыңдалды.

Отырыстың қазіргі күн тәртібі ҮЕҰ-мен өңірлік өзара іс-қимылды жаңа деңгейге көтеруге арналған.

Осылайша, кеңестің негізгі спикерлері Атырау, Қызылорда, Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасарлары, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Нұрғазиева Бану, денсаулық сақтау вице-министрі Нүсіпова Әсем, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Түменова Бақыт, ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы Оразаев Марат, «Қазақстан фермерлер одағы» қауымдастығының президенті» Дайрабаев Жигули сөз сөйледі.

Отырыста мемлекеттік органдардың азаматтық сектормен өзара іс-қимылы саласындағы, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда ҮЕҰ-мен жобалық өзара іс-қимыл тетігін жетілдіру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік сектор саласындағы министрліктердің бейінді ҮЕҰ-мен жұмысы, өңірдің әлеуметтік бастамаларын іске асыруға ҮЕҰ қатысуын қамтамасыз етуде азаматтық қоғам ұйымдарының рөлін күшейту бөлігіндегі өзекті мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды.

Жалпы, соңғы 3 жылда Кеңес 103 ұсыным әзірледі, оның 89-ы орындалды, 14 ұсыным ұзақ мерзімді болып табылады.

Вице-министр өзінің кіріспе сөзінде қазіргі шындық тенденциясы азаматтық қоғам өкілімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

«Қоғамдық диалогты қалыптастыруға, ашықтыққа, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қоюға, қоғамдық келісімді нығайтуға көп көңіл бөлінуде», -деп вице-министр айтып өтті.

Министрліктің мәліметінше, кеңестің ұсынымдары мемлекет пен үшінші сектордың әріптестігін жаңа форматта дамытуға айтарлықтай серпін берді.

Вице-министрдің айтуынша, Кеңес ұсынымдарын іске асыру жылдарында 2020-2025 жылдарға арналған азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы қабылданды, министрлік ҮЕҰ-ны мемлекеттік қаржыландыру тетіктері бойынша стратегиялық сессиялар өткізуде; «ҮЕҰ академиясы» әлеуетін арттыру бойынша ұзақ мерзімді жоба іске асырылуда. Бұл ҮЕҰ-мен бірлесіп іске асырылған бастамалардың бір бөлігі ғана.

Сондай-ақ, отырыс барысында вице-министр өз тарапынан қоғам белсенділері жылдан жылға көтеріп келе жатқан проблемалық мәселелерді атап өтті.«Сонымен қатар, ұзақ мерзімді және шұғыл сипаттағы ұсыныстар жалғас

ын табуда. Негізінен, проблемалық мәселелер ҮЕҰ-ның мемлекеттік тапсырыс бойынша конкурстарға қатысуы, салалық қағидатты кеңейту, халықтың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалауды ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қалыптастыру және т.б. бөлігінде келіп түседі.

Көптеген өңірлерде ҮЕҰ-мен, жобалардың тақырыптары мен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау нәтижелерін жария талқылау тиісті деңгейде жүргізілмейді.», - деп вице-министр айтып өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша, кеңес қатысушылары әкімнің орынбасарларына өңірлік мәселелерді шешуде ҮЕҰ өкілдігін кеңейту бойынша тиісті ұсыныстар берді. Өз кезегінде, мемлекеттік органдар вице-министр мен үкіметтік емес сектор тарапынан айтылған ескертулер мен проблемалық мәселелерді назарға алды.