
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» онлайн конференция өткізді, онда «Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есеп» жобасы талқыланды.
ҚР АҚДМ Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов Қазақстан Республикасындағы ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есеп жобасының негізгі тезистерімен таныстырды. Сондай-ақ, конференцияда Әділет министрлігі Заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанова, Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева және т.б. сөз сөйледі. Қазақстанның Азаматтық Альянсының өкілдері экологияға қатысты ақпаратқа қол жеткізу мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті бастамашылық еткен заң жобаларын талқылау рәсімдері туралы сөз қозғады.
Трансляцияның жазбасы мына сілтеме бойынша қол жетімді: https://www.facebook.com/azamattyk.alliance/