
2021 жылғы 13 мамырда IX Азаматтық форумның ұсынымдарын орындау шеңберінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіру мәселелеріне жария талқылау өткізді.
Бұл ұсыныстар еліміздің өңірлерінде Министрліктің стратегиялық сессиялары барысында айтылған проблемалық мәселелердің қорытындылары бойынша қалыптастырылды.
Талқылауға азаматтық қоғам саласындағы сарапшылар мен ҮЕҰ басшылары қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша әртүрлі пікірлер, ұсыныстар айтылып, одан әрі жұмыс істеу үшін назарға алынды.