
Бүгін онлайн-режимде Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жұртшылық өкілдерінің қатысуымен волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша заң жобасын талқылау өтті.
Кездесу барысында Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет аталған заң жобасы халықаралық тәжірибені, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, қайырымдылық және волонтерлік ұйымдардың ұсыныстарын ескере отырып әзірленгенін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар аталған салалардағы мәселелерді атап, ұсыныстарды берді. Осы бағытта одан әрі бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Заң жобасы ашық НҚА порталында 30 сәуірге дейін жария талқылау үшін орналастырылған және көрсетілген сілтеме бойынша қолжетімді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8136593
Естеріңізге сала кетейік, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын өңірлер арасында талқылаулар сериясын өткізуде.