Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының анонсы

Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысының анонсы

2021 жылғы 30 сәуірде сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен онлайн-форматта Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.

Отырыста Мемлекет басшысына Ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есептің жобасын талқылау жоспарлануда.

Отырыстың тікелей көрсетілімі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://www.facebook.com/aqparatqogam/  ресми парақшасында өтеді.