
Астанада оқушылар арасында «Жайдарман» КТА ойындарының қорытынды кезеңі өтті.
Жобаның негізгі мақсаты - мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, оның мәртебесін көтеру, сондай-ақ жастардың шығармашылық қабілеттерін және зияткерлік әлеуетін жан-жақты дамыту болып табылады.
2017 жылы «Жайдарман» КТА ойындары үш негізгі кезеңде өткізілді.
Бірінші кезең елорда күніне орай ағымдағы жылдың 18 маусымында өтті.
Екінші кезең 18 тамызда Халықаралық жастар күніне арналып өткізілді.
Үшінші кезең 20 қазанда мектеп оқушылары арасында «Жайдарлы жас ұлан» атауымен өтті.
Іс-шараға студенттер, оқушылар және қоғамда белсенді жастар қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 281 адамнан құралған 51 топтан тұрды.