«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасының қорытындысы жарияланды

«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасының қорытындысы жарияланды

18 қазан күні Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының ғимаратында «Жастар кадрлық резерві 2017» бағдарламасының қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

 «Жастар кадрлық резерві» - кәсіптік дағдыларды дамыту және басқарушылық құзыреттіліктердің жоғары деңгейімен мансаптық өсуге негізделген жас мамандардың республикалық деректер базасы.

Жобаны «Болашақ» қауымдастығы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен «Жас Отан» жастар қанатымен бірге жүзеге асыруда. Айта кетерлігі, жобаға белгіленген талаптарға сәйкес келетін кез-келген жас маман қатыса алды. Қатысушылар тіркеу, іріктеу, әңгімелесу және арнайы оқыту кезеңдерінен өтті. Сондай-ақ олар белгілі  саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған семинар-тренингтерге, лекцияларға қатысты. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 48 жас маман іріктелініп алынып, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде, мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда тағылымдамадан өту үшін жолдамаға ие болды. Шара соңында салтанатты жағдайда марапаттау рәсімі өтіп,  жоба  қатысушылары арнайы сертификаттармен марапатталды.