Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Эдвард Кесслермен кездесті

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Эдвард Кесслермен кездесті

23 қазан күні Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Британ қоғамының   Дін және діни нанымдар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ, «Вулфа» Институтының негізін қалаушы - Эдвард Кесслермен кездесті.  

Кездесу барысында тараптар дін саласындағы өзара ынтымақтастықтың даму жолдарын талқылады.

Нұрлан Ермекбаев дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы туралы әңгімеледі. Бұл ретте, министр Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы, сонымен бірге діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша әзірленген Заң жобасына тоқталып өтті.  

Эдвард Кесслер өз кезегінде иудейлер, христиандар мен мұсылмандар қауымдастығы арасындағы қарым-қатынасты академиялық зерттеу тұрғысында  әлемдік көшбасшы атанған  «Вулфа» институтының қызметі туралы баяндады.

Кездесу соңында тараптар дін саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға уағдаласты.