Берік Арын Қаскелеңдік епископ Геннадиймен кездесті

Берік Арын Қаскелеңдік епископ Геннадиймен кездесті

2017 жылғы 25 қазан күні Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынның Православтық шіркеудің митрополиттік округының ісін басқарушы Қаскелеңдік епископ Геннадиймен кездесуі өтті. Сонымен қатар, кездесуге Астаналық округтік шіркеуінің орынбасары протоиерей Сергий Калиев және Астана қаласындағы Успендік кафедралды собордың протоиерейі Дмитрий Байдек қатысты.

Кездесу барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын және Православтық шіркеуден қаралып жатқан заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар талқыланды.

Вице-министр Берік Арын еліміздің әл-ауқатын және тұрақтылықты нығайту үшін ұсынылған өзгерістердің маңыздылығын атай отырып, Қазақстандағы Православтық Шіркеудің дін саласындағы қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін талқылауда белсенділік танытқаны үшін ризашылығын білдірді. 

Кездесу соңында тараптар Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстандағы Православтық Шіркеу арасындағы конструктивті ынтымақтастықты одан әрі карай дамытуға дайындықтарын мәлімдеді.