
Алғашқы республикалық «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үшжақты серіктестік форумында «Enactus Kazakhstan» директорлар кеңесінің басшысы Раимбек Баталов Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевқа серіктестік сертификатын табыстады.

Enactus компаниясы студенттерді, бизнес көшбасшыларын, университеттерді біріктіретін ең ірі халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың бірі болып табылады. Enactus жобалары адамдардың өмір деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған.
Enactus Kazakhstan – бұл бизнес-жобалардың идеялары емес, ол қарапайым адамдардың өмір сапасын арттыру үшін әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жастарты тарту. Жобаның арқасында студенттік кәсіпкерлік белсенді дамуда, көптеген түлектер табысты бизнесмендерге айналды. Дүние жүзі бойынша Enactus-ке әлемнің 40 мемлекетінен 62 мыңнан астам студент қатысады. Қазақстанда бағдарламаға 45 ЖОО тартылған, 1200 студент қамтылған және 60-тан астам жоба іске асырылуда.
«Enactus Kazahstan» жобаларының тиімділігі мемлекеттің 14 аймағында, Астана мен Алматы қалаларында көрсетіледі. Жобаның барлық қатысушылары қоғамның болашақтағы әлеуметтік-жауапты көшбасшыларына қажетті кәсіпкерлік қабілеттер мен құзыреттіліктерді дамытуда.
Қатысушылардың айтуынша, «ASAR» ҮЕҰ-бизнес-мемлекет форумын өткізу ҮЕҰ-ға бизнес-құрылымдардың, халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне өзінің әлеуметтік жобаларын таныстыруға, сонымен бірге әлеуметтік жобаларды бизнес, халықаралық ҮЕҰ тарапынан қаржыландырудың мүмкін жолдарын табуға тәжірибелік мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бастамасымен ҮЕҰ мен бизнес арасында тиімді ынтымақтастық формасын жасау мақсатында «ASAR» сұхбат алаңы құрылды.