
Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Nur Otan» партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдауына жазылған азаматтарды қабылдады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты өтініш иелерін қабылдау бейне-конференц-байланысы арқылы онлайн режимінде өтті.
Іс-шара барысында 6 азамат қабылданды. Қабылдау барысында ойын бизнесін жарнамалауға, жастар саясатына және дін саласын реттеуге қатысты сұрақтарға жауап берілді.