Квазимемлекеттік сектордағы Қоғамдық кеңестер

Квазимемлекеттік сектордағы Қоғамдық кеңестер

Қазіргі уақытта ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялар сияқты квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қоғамдық кеңестер құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау бойынша ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қоғамдық кеңестердің қызметіне қатысты «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына бірқатар жаңа өзгертулер енгізді.

Осыған орай, Министрлік квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының өкілдеріне арналған оқыту семинарларын ұйымдастырды.
Семинар барысында заңға сәйкес қоғамдық кеңестердің мүшелеріне даму стратегиялары мен жоспарлары жобаларын, олардың іске асырылу есептері мен мониторингін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талқылау жөніндегі мәселелерді қарастыру құқығы берілгенін атап өтіліп келеді.
Сонымен қатар, қоғамдық кеңестердің мүшелері қоғамдық бақылауды жүргізуге және сатып алу комиссияларының жұмысына қатысатыны туралы айтылды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына енгізілген түзетулер де түсіндірілді.
Атап айтсақ, түзетулерге сәйкес қоғамдық кеңестердің мүшелеріне Қоғамдық кеңесте қарастырылатын азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу құқығы берілген.
Жалпы, Министрлік уәкілетті орган ретінде қоғамдық кеңестердің қызметін әдістемелік сүйемелдеу бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жүргізуді және ұйымдастыруды жоспарлауда.