
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Болат Тлеповтің төрағалығымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы жобаларды жүзеге асырушы жауапты мемлекеттік органдармен онлайн кеңес өтті.
Кеңеске жергілікті атқарушы органдардың, ішкі саясат басқармалары мен өңірлік жобалық кеңселердің өкілдері қатысты.
Кеңес Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде онлайн-форматта өткізілді.
Кеңес барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы жобаларды жүзеге асыруды, Бағдарламаны іске асыру бойынша өңірлік жоспарлар туралы және т.б. сұрақтар талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов бағдарламаны одан әрі тиімді іске асыру бойынша бірқатар бағыттарды айқындап берді.